Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкшетауда жаңа қоныстанушыларға «7-20-25» бағдарламасы бойынша кілттер табыс етілді.

374
Spread the love

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин облыс орталығындағы бірқатар тұрғын үй және басқа да әлеуметтік нысандарды аралады.

Сапардың алғашқы нысаны «Естет» тұрғын үй кешенінде аймақ басшысы «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті.

«Ел үшін айтулы мереке – еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында біз жаңа пәтерлердің кілтін табыстап жатырмыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және өмір сүру сапасын жақсартуға баса назар аударуда. Бүгінде Ақмола облысы тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшылар қатарында – өңірлер арасында 3-ші орында», – деді Мәлік Мурзалин.

Аймақ басшысының айтуынша, облыс орталығын дамытудың бір шарты – Көкшетауда тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандардың салынуы. Сондықтан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын одан әрі ұлғайту жоспарда бар. 2018 жылы облыста 4 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 1200-ге жуық пәтер облыс орталығында. «7-20-25» бағдарламасы бойынша биыл облыста 538 пәтер субсидиялауға дайын.

Перспективада жайлы өмір сүру ортасын құру ерекше назарда. Осыған орай облыс әкімі шаһардағы заманауи көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірі «Триумф» ғимаратында болды. Оны «Юбилейный» шағынауданының аула аумақтарын орамішілік жөндеу жұмыстары қызықтырды, мұнда 43 мың шаршы метр аумақты аула аумақтарының жол және жаяу жүргіншілер бөлігін жөндеу, қосымша автотұрақтар, демалыс орындарын жөндеу жұмыстары жүргізілді. алаңдар, балалар және спорт алаңдары жабдықталды. Айтпақшы, биыл қалада 60 аула аумағы жөнделді.

Дереккөз: akmola.gov.kz

Бөлісу: