Қазақстанда 2017 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 220 686 құрады және 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға өсті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Ағымдағы жылдың қараша айында тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 20 521-ні құрап, өткен аймен салыстырғанда 10,2%-ға азайды.