Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Шымкентте «Астана» TK пайдалануға берілді

110
Spread the love

Шымкентте көпқабатты «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Шымкенттік 95 отбасы баспаналы болды.

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қоныстанушыларға амандық, отбасыларына жайлылық тіледі.

«Бүгінде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» ӘКК» АҚ жобасына қатысумен 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп жатыр. Бұл үйлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жергілікті үй құрылысы комбинаттары шығарған отандық құрылыс материалдары арқылы салынды», – деді әкім.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында құрылысқа 1,2 млрд теңге инвестиция құйған «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС инвесторы тартылды. Бұл жобадағы «Шымкент» ӘКК қаражатының үлесі 1,56 млрд теңгені құрады.

Кешен «Астана» – қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 4 тоғыз қабатты үй. Пәтерлердің жалпы ауданы 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда 96 пәтерлік 2 блок пайдалануға берілсе, қалған 2 блокты келесі жылдың 1 тоқсанының соңына дейін тапсыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 2,75 млрд теңгені құрады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да «Өз үйің» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға болады. Бағдарлама бойынша орташа баға шаршы метріне 180 мың теңгені құрайды. Несиенің жылдық мөлшерлемесі 5-тен 10 пайызға дейін. Осылайша, «Шымкент» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ салған инвестициясы мемлекеттік қоржынға қайтарылып, келесі жобаларға инвестицияланады.

Бөлісу: