Шымкентте «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

5 апреля 2019

308


2019 жылдың 5 сәуірінде (сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін) «7-20-25» бағдарламасы бойынша несиелік баспана алуға тілек білдірген азаматтардан құжаттар қабылдануда.

Төлеуге қабілетті азаматтардың құжаттары бір күн ішінде қабылданады.

246 пәтерді сату жоспарлануда, оның 82-сі бір бөлмелі, 82-сі екі бөлмелі, 82-сі үш бөлмелі.

Тұрғын үй 7-20-25 бағдарламасы бойынша сатылуда, төлем қабілетті азаматтар 25 жылға несиеге баспана ала алады, бастапқы жарна 20%, жылдық мөлшерлеме 7%.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

– Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы;

— ипотекалық несиелердің болмауы;

— табыстың болуы;

— баспананың жетіспеушілігі.

Несие беру бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі сегіз банк жұмыс істейді. Олар «Банк Центр Кредит» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «RBK Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер нақты типтегі пәтерге өтініш береді және келесі құжаттар:

1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;

3) ипотекалық жылжымайтын мүлік бойынша тұрғын үй заемдарының жоқтығы туралы кредиттік бюроның кредиттік есебі.

Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды тапсырады.

Өтініш беруші тиісті кірісін дәлелдей алмаған жағдайда, алдын ала тізімдердің келесі үміткерлері арасынан іріктеу жүргізіледі.

Құжаттар Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а (1-қабат) мекенжайы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің фронт-кеңсесінің ғимаратында қабылданады.

Дереккөз: Otyrar.kz

Поделиться статьей:

5 апреля 2019

308

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.