Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Шымкентте 5 пайыздық мөлшерлемемен Qamqor баспана бағдарламасы басталды.

523
Spread the love

Бағдарламаға дәрігерлер, педагогтар, журналистер, мәдениет және спорт қызметкерлері, медицина қызметкерлері және жеке ұйымдардың ғылыми қызметкерлері сияқты санаттағы азаматтар қатыса алады. Qamqor-дың басты артықшылығы – оған қатысу үшін баспанаға кезекке тұрудың да қажеті жоқ, өтініш беру жеткілікті.

Бағдарлама пилоттық режимде іске қосылып, бір жылға созылады.

«Адам өзі баспана табады – негізгі, қосалқы. Жергілікті бюджеттен 20 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Әзірге бір жылға пилоттық жоба», – дейді Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

  • Құнның 10% бастапқы төлем
  • Пайыз мөлшерлемесі – 5%

Жаңа бағдарламаның арқасында 150-ге жуық адам баспанаға қол жеткізе алады.

Бөлісу: