Осыған орай өткен мерекелік шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жұртшылық өкілдері қатысты.
Абдалы Тоқбергенұлы қала тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады. Шараға қатысушыларды қала әкімі құттықтау сөз сөйледі.
– Тараз қаласында жылдан жылға жаңа шағын аудандар пайда болып, жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде. Тек соңғы төрт жылда Таразда 5800 пәтер пайдалануға беріліп, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 3844 адам баспана иесі атанды. Олар әлеуметтік кезекте тұрған 1956 азаматтың құрметті алаңын күтті. Биыл 42 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, жыл соңына дейін 2820 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, – деген Бақытжан Орынбеков бұдан кейін «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана иесі атанған қала тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті.
Сондай-ақ жылы лебіздерін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен «Отбасы Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов айтты.
Айта кету керек, 2019-2022 жылдар аралығында «Бақтытты отбасы» бағдарламасы бойынша облыста 1154 азамат жаңа баспанаға ие болды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 1040 пәтерлік 16 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.
Фото Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен