Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алтай Күздібаевты қабылдады.
Аймақ басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Ағымдағы жылы кезекте тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жалпыұлттық жобасы аясында жалпы сомасы 13,2 млрд теңгеге 3 929 пәтерлік 74 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 2564 пәтерлік 45 үйді (199,4 мың шаршы метр) пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс орталығында да жеке инвестиция есебінен 10-нан астам көпқабатты тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды info.homsters.kz Жамбыл облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Азаматтардың әлеуметтік осал санаттары мен көп балалы отбасылар үшін 7,7 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы 10,3 млрд теңгеге 77 инженерлік жоба жүзеге асырылуда, жеке тұрғын үй құрылысы аясында құрылысқа 869 жер телімін беру жоспарлануда.
– Жамбыл облысы – тұрғын үй құрылысын дамытудың болашағы зор өңір. Бұрын жеке тұрғын үй құрылысына көңіл бөлінсе, қазір жаңа компаниялар пайда болып, жеке инвестиция арқылы жобалар жүзеге асырылуда, – деді Алтай Күздібаев.
Тараптар үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.