Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы баспанамен қамтамасыз етілді

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы баспанамен қамтамасыз етілді

19 августа 2024

1470


Облыс орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында жаңа үйлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Қуанышты оқиғаны Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тұғызбаев, BI Group құрылыс компаниясының өкілдері мен мердігерлер жергілікті тұрғындармен бөлісті.

Құттықтау сөзінде аудан әкімі ауыл тұрғындарына түсіністік пен шыдамдылық танытқаны үшін, сондай-ақ қысқа мерзімде сапалы салынған баспаналар үшін мердігер компанияларға алғысын білдірді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің сайты.

Мердігерлер мен BI Group құрылыс компаниясы жаңа тұрғындарға тұрмыстық техника сыйға тартты.

Тұрғындар өз кезегінде өздеріне арнап салынған жайлы үйлерге ризашылықтарын білдірді.

Әйтеке би ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету шаралары кешенді түрде жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық тұрғындарға тиісті көмек көрсетіліп, баспанамен қамтамасыз етілді.

Ауданда комиссияның техникалық сараптамасының қорытындысы бойынша зардап шеккен тұрғындардан 150-ге жуық өтініш түсіп, 64 үйді жөндеуге қаражат бөлінді; 51 үй тұруға жарамсыз деп танылды.

Оның ішінде 25 отбасына олардың өтініші бойынша Б.Өтемұратов қорының қолдауымен қайталама нарықтан үйлер сатып алынды. Олардың барлығы 2 ай бұрын баспаналы болса, қалған 26 тұрғын жаңа баспана алуды таңдаған. BI Group үй құрылысына 751,4 млн теңге бөлді.

 

Фото дереккөзі: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Поделиться статьей:

19 августа 2024

1470

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.