Тұрғын үй құрылысының үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялармен кездесу өтті

Тұрғын үй құрылысының үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялармен кездесу өтті

22 июня 2023

373


Бүгін «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ алаңында Қазақстанның құрылыс салушылар Ассоциациясымен бірлесіп, тұрғын үй құрылысының үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компания өкілдерімен кездесу өтті.

Талқылаудың басты тақырыбы конкурстық негізде онлайн жүзеге асырылатын инжинирингтік компанияларды іріктеу процесі болды. Қатысушылар құжаттарды дайындау кезіндегі типтік қателерді және оларды жою мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ, инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігін сақтандыру мәселелері (ақаулар, жобалардағы келісімсіз өзгерістер, қауіпсіздік техникасын сақтау және басқалар) талқыланды.

КЖК

Қазіргі таңда қарқынды түрде өсіп келе жатқан нарықта инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігін күшейту, есеп беру, сайттағы сарапшылар санын сақтау, құрылыстағы бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлау басымдыққа ие.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын сақтай отырып, үлескерлердің құқықтарын қорғауға, нарықта тең құқылы және бәсекелестік жағдайлар жасауға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыратын болады», — деп атап өтті кездесу соңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Алтай Күздібаев.

 

 

 

 

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ 

Баспасөз қызметі

+7 7172 797575, ішкі 2394

pr@khc.kz, www.khc.kz

Поделиться статьей:

22 июня 2023

373

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.