Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспана беру биыл да жалғасады
Нұр-Сұлтан қаласы жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерсек, баспана мәселесі қашанда өзекті. Бұл мәселені шешу үшін ел басшылығы 2019 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарды өтеу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер беру жобасын жүзеге асырды.
Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 1400 жас баспаналы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жастар жылының салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс істейтін жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етуді тапсырды. 2019 жылы елорда әкімдігі Елбасының тапсырмасын орындап, жұмысшы жастарға 1050 пәтердің («Астаналық» және «Әлем» сауда орталықтары арасындағы тұрғын үй кешені) кілтін табыс етті.
Дәл осындай көрсеткіш келесі 2020 жылға белгіленді, алайда пандемияға байланысты жоспарға сөзсіз өзгерістер енгізілді. Өткен жылы коронавирустық індетке байланысты 350 пәтер берілді. Жұмысшы жастарға тұрғын үй Р.Қошқарбаев даңғылы, Қордай көшесі және №23-31 қиылысында орналасқан тұрғын үйлерден, сондай-ақ Абылай хан ауданы, Б.Момышұлы және Р.Қошқарбаев даңғылдары. Ондағы жастарға арналған пәтерлердің ауданы әрқайсысы 32-ден 48 шаршы метрге дейін.
Елбасының бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты – алдағы 5 жылда жастардың жеке баспана сатып алуына қаражат жинауға жағдай жасау.
Жобаға қатысушылардың бес негізгі шарты бар: жасы 29-дан аспауы, тұрақты жұмыс орны мен соңғы 6 айда кемінде 40 АЕК табысының болуы, баспананың болмауы, жинақ ақшаға депозиттік шоттың болуы. Бағдарламаға қатысқысы келетіндер де көп. Өткен жылы 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында өтініштер қабылданып, барлығы 5 463 өтініш қабылданған.
Жарияланған қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, және пәтерлерді бөлу – өтініш берушінің отбасының құрамына сәйкес.
Биыл жұмыс істейтін жастарға 1050 қайтарымсыз жалға берілетін тұрғын үй беру жоспарлануда.
Нұр-Сұлтан 5 пайызбен баспана ала алатын жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаны қолға алмақшы.
Айта кетерлігі, елордада баспана мәселесін шешуде ауқымды шаралар қолға алынуда. Өткен жылы қалада 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік пәтерлерді беру көрсеткіші де айтарлықтай өсті. Мәселен, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілсе, биыл бұл көрсеткіш 10 мыңға артты.
Дереккөз: astana.gov.kz