Қазақстанда 3 жылда 12 мың жалға берілетін пәтер салынады
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 12 мың арендалық пәтер салынады – бұл Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдағы үш жылға арналған жоспары. Тұрғын үй жұмыс істейтін жастарға жалға берілмек.
Өңірлерге келетін болсақ, 2025 жылға қарай жыл сайын кемінде 3000 пәтер салып, сатып алу жоспарлануда. 2022 жылы бұл мақсаттарға ел бюджетінен 21,6 млрд теңге бөлінді.
Жалдау мерзімі – 5 жыл, құны айына 5 мың теңгеден басталады. Жалдау ақысын үнемдей отырып, жас отбасы осы уақыт ішінде бастапқы жарнаға ақша жинап, тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беру арқылы меншігінде тұрған пәтерді сатып ала алады деп болжануда.
Жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламаларының шарттары бойынша ипотека 25 жылға, жылдық 5 пайызбен, 10 пайыздық бастапқы жарнамен беріледі.
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы: шарттары, жеңілдіктері, тіркеу кезеңдері
Еске салайық, бүгінде Қазақстан Республикасында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бірнеше өңірде жұмыс істейді:
– Астана қаласындағы «Елорда жастары»;
– Алматы қаласындағы «Алматы жастары»;
– Алматы облысындағы «Алатау жастары»;
— Қарағанды облысындағы «Қарағанды жастары»;
– Жамбыл облысындағы «Әулие ата жастары»;
— БҚО бойынша «Орал жастары»;
– Қостанай облысы бойынша «Қостанай жастары»;
– Атырау облысындағы «Атырау жастары».
Сондай-ақ олар Павлодар облысында – «Ертіс жастары», Абай ауданында – «Абай жастары» және Ақтөбе облысында – «Ақтөбе жастары» бағдарламаларын іске қосуға уәде беріп отыр.
Дереккөз: roof.kz