HCSB Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастырады
Қолданыстағы және жаңа тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстан қор биржасында 20 млрд теңге сомасына купондық облигацияларды орналастырады. Облигациялардың табыстылығы жылдық 9,5% – 10,5% болады. Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі – 7 жыл. KASE сауда-саттықтары 2019 жылдың 17 шілдесінде өтеді.
Бұл туралы инвесторлармен кездесуде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты. Ол KASE алаңында Эмитент күні аясында өтті.
-Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 16 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол күшейіп, қазір қазақстандық нарықта жетекші орынға ие болды. Банк өнімдерінің көмегімен қазірдің өзінде 200 мыңға жуық қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады. Тағы 1,4 миллион салымшы 692,3 миллиард теңге көлеміндегі жинақ ақшасын ҚТҚЖБ-ға сеніп тапсырды. Және біз оларға қолжетімді құралдар мен жаңа тұрғын үй бағдарламаларын ұсына алуымыз үшін банк балама қаржыландыру көзін тартады және тарихта алғаш рет KASEде өз облигацияларын орналастырады. – деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.
Өткен жылы банк «Әскери баспана» жеке тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға 98 миллиард теңге бөлді. Оның 48 миллиард теңгесі банкке тиесілі болса, 50 миллиард теңгеге HCSB облигациялар шығарып, оларды Астана халықаралық қаржы орталығының биржалық алаңына орналастырды. Жалпы екі жыл ішінде «Әскери баспана» бағдарламасы 6194 әскери қызметкерге баспана алуға көмектесті.
Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін банк 253,3 млрд теңгеге 23 657 клиентінің жағдайын жақсартуға көмектесті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың 5 айында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі елдегі жалпы ипотеканың 52 пайызын берді. Сонымен бірге, HCSB өзінің несиелік портфелінің ең жоғары сапасын сақтайды. NPL (90 күннен астам мерзімі өткен несиелер) 0,18% құрайды.
HCSB меншікті капиталы бойынша екінші және активтері бойынша сегізінші орында 28 Қазақстандық банктер.
Қазіргі уақытта банк «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын – аз қамтылған отбасыларды тұрғын үй сатып алу үшін несиелеуді (бағдарламаның жұмыс атауы – «Бақытты отбасы») іске қосуға дайындалуда. Ол халықтың ең осал топтары – көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үйді қолжетімді етуге көмектеседі. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтер құнының 10% құрайды, несие мөлшерлемесі 2%, несие мерзімі 20 жылға дейін болады.
«Бақытты отбасы» банкке 50 миллиард теңге қаражат түскеннен кейін басталады. Несиелеуге ақша республикалық бюджетте қарастырылған.