Жастарға 5 пайыздық ипотека: президент бюджетті көбейтуді тапсырды
Әңгіме биыл жазда Қарағанды мен облыста іске қосылған жастарға арналған жеңілдетілген ипотека туралы болып отыр.
Оның шарттары бойынша жылдық 5 пайызбен 20 миллион теңгеге дейін несие алуға болады.
Несие 10% бастапқы жарнамен 19 жылға беріледі. Бағдарламаға жас мамандар – мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және университет оқытушылары қатыса алады. Тұрғын үйді бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да сатып алуға болады.
Президент жеңілдетілген ипотека жас отбасылар мен жас мамандарды қолдаудың тиімді жолы екенін баса айтты. Сондықтан Қарағанды облысына барған сапарында жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиелерді де, бюджетті де көбейтуді тапсырды.
Бағдарламаны республика көлемінде жасау жоспарлануда.
Сайттан алынған ақпарат roof.kz