Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Алматыда әлеуметтік қордан берілетін пәтерлердің құны өспейді

243
Spread the love

«Отбасы банкі» АҚ Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова әлеуметтік қордан берілетін пәтерлердің құны өспейтінін айтты.

Қаладағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы онлайн брифингте ол «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік баспананың енгізіліп жатқанын айтты. Сәйкесінше, бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй бағасы да бекітілген.

«Бағаның өсуі күтілмейді. Бүгінде Алматы қаласында «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй, сондай-ақ несиелік тұрғын үй бағасы 240 мың теңгеге дейін барады. – «Отбасы Банкі» АҚ Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова.

«Шаңырақ» бағдарламасының шарттары: тиімді мөлшерлеме – жылдық 5%, бастапқы жарна – 10%, несиенің максималды мерзімі – 20 жылға дейін, несиенің максималды сомасы – 18 млн теңгеге дейін. LEB кезегінде тұрғандардың барлық санаттары қатысуға құқылы.

2020 жылы Алматыда 2926 отбасы баспаналы болды. Биылғы жылы әкімдік 8 мыңнан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, оның ішінде: СУСН – 427; көп балалы отбасылар – 452; «Шаңырақ» – 3578, несиелік тұрғын үй – 1411; «Алматы жастары» – 1000; жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй – 1050; «Бақытты отбасы» – 374.

Дереккөз: law.kz

Homsters в Telegram

Бөлісу: