Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Алматыда көп балалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді

247
Spread the love

Тәуелсіздік күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Шаңырақ» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша баспаналы болған жаңа қоныстанушыларды құттықтады.

Алматының көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 372 тұрғыны жаңа пәтерлердің иесі атанды. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінен 232 пәтер берілді. Бұл бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді несие беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында «жалдамалы тұрғын үй» бағыты бойынша кезекте тұрған 140 адам пәтер кілтіне ие болды. Түрксіб ауданындағы «Жас қанат» шағын ауданында 80 пәтер, Алатау ауданындағы 13-ші шағын ауданда 60 пәтер берілді. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Нұр-Сұлтанда (Астана) 5-10-20 бағдарламасы бойынша қандай TK пәтерлер бар?

Салтанатты шарада қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барша жұртшылықты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бүгінгі шараның символдық мәнін атап өтіп, қоныс тойын құттықтады. «Тәуелсіздік күні тұрғын үй алудың символдық мәні бар. Осы күннен бастап үйлеріңізде әрқашан тыныштық, қуаныш пен береке орнасын! Қоныс тойы құтты болсын!», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Жыл басынан бері Алматыда 2184 аз қамтылған отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – 289 пәтер, «Бақытты отбасы» – 376 пәтер, «Шаңырақ» – 250 пәтер, «Алматы жастары 3,0» – 1000 пәтер, ЖСҚБК» – 360 пәтерлі тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Дереккөз: inform.kz

Homsters в Telegram

Бөлісу: