Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялайды

456
Spread the love

Тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ арқылы құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялауды көздейтін жеке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тетігі көзделген.

ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-ға асатын сыйақы мөлшерлемесі бар банктік қарыздар туралы сөз болып отыр.

Субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялар есебінен сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7%-ы өтеледі. Қарызды субсидиялау сомасы бойынша шектеулер жоқ, бірақ субсидиялаудың ең жоғары мерзімі – 36 ай белгіленген.

Бұл ретте жеке құрылыс салушы Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы ауданының 1 (бір) шаршы метрін салудың (өткізудің, сатып алудың) шекті құнын түзету әдістемесіне сәйкес пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метріне белгіленген өткізу бағасы бойынша тұрғын үйдің кемінде 50%-ын ұсынады (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2023 жылғы 17 ақпандағы № 28 бұйрығымен бекітілген).

Мысалы, әдістемеге сәйкес, 2023 жылы пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метріне белгіленген сату бағасы:

– Астана үшін – 309 874 теңге (5 қабатты үйлер үшін), 304 727 теңге (9 қабатты үйлер үшін);

– Алматы үшін – 318 693 теңге (5 қабатты үйлер үшін), 304 727 теңге (9 қабатты үйлер үшін);

– Шымкент үшін – 276 661 теңге (5 қабатты үйлер үшін), 285 159 теңге (9 қабатты үйлер үшін);

– Алматы облысы – 307 550 теңге (5 қабатты үйлер үшін), 303 446 теңге (9 қабатты үйлер үшін);

– Ақмола облысы – 291 010 теңге (5 қабатты үйлер үшін), 296 091 теңге (9 қабатты үйлер үшін);

– Ақтөбе облысы – 273 461 теңге (5 қабатты үйлер үшін), 272 350 теңге (9 қабатты үйлер үшін);

– Қарағанды облысы – 286 505 теңге (5 қабатты үйлер үшін), 286 087 теңге (9 қабатты үйлер үшін) құрайды.

Жеке құрылыс салушы тұрғын үйді:

тікелей сату арқылы

Отбасы Банкі, ЕДБ, «7-20-25» ипотекасы арқылы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының бағдарламалары арқылы сатады.

Толық ақпаратты компанияның веб-сайтынан алуға болады.

 

Бөлісу: