Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Мәжілісмен Gate City жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

298
Spread the love

Мәжіліс депутаты, «АМАНАТ» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматы облысына жұмыс сапары барысында Gate City жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл Алматы агломерациясын дамыту аясында салынып жатқан төрт серіктес қаланың бірі.

G4 City жобасы Алматы облысында 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жалпы ауданы 8 мың гектардан асатын Алматы-Қонаев тас жолының бойында 250 мың тұрғыны бар Gate City, Golden City, Growing City, Green City заманауи тақырыптық аймақтар пайда болады.

Бірінші спутниктік қала Gate City – тұрғын үй құрылысы мен индустриялық аймағы бар ірі бизнес және қаржы орталығы. Бас жоспар бойынша оның аумағы шамамен 2,4 мың гектарды құрайды. Сарапшылардың пікірінше, 2030 жылға қарай Gate City 90 000 адам тұратын болады. Мұнда барлығы 74 тоғыз қабатты үй, 10 мектеп, 16 балабақша, 4 емхана салынады.

Максим Рожин атап өткендей, серіктес қалалардың коммуналдық инфрақұрылымына ерекше назар аудару қажет.

«Сонымен қатар, халықты үздіксіз су және электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері партия мүшелерінің ерекше бақылауында болуы керек. Сондай-ақ жылумен қамту нысандарының дайындығын бақылау қажет», – деді депутат.

Дереккөз: inform.kz

Фото с сайта: inform.kz

Бөлісу: