Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қазақстанда 143 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

259
Spread the love

15,3 млн ш. метр жаңа тұрғын үйді 2023 жылы пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тұрғын үйлерді уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімдерін көрсететін Жол карталарын бекітті. Мәселен, биыл жаңа тұрғын үйдің 15,3 млн шаршы метрін енгізу немесе 143,5 мың пәтер жоспарлануда. Биылғы жылдың 7 айында тұрғын үйдің 8,5 млн шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұл жоспардан 14%-ға артық және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға артқан», – деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, мұнымен қатар пайдалануға берілген пәтерлер көлемінің де оң өсу үрдісі байқалады. Жоспар бойынша 67,6 мың пәтер болса, 73,8 мың пәтер салынды, бұл 9,1 пайызға өскенін көрсетеді.

Бөлісу: