Қазақстанда 143 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

Қазақстанда 143 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

1 сентября 2023

924


15,3 млн ш. метр жаңа тұрғын үйді 2023 жылы пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тұрғын үйлерді уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімдерін көрсететін Жол карталарын бекітті. Мәселен, биыл жаңа тұрғын үйдің 15,3 млн шаршы метрін енгізу немесе 143,5 мың пәтер жоспарлануда. Биылғы жылдың 7 айында тұрғын үйдің 8,5 млн шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұл жоспардан 14%-ға артық және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға артқан», — деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, мұнымен қатар пайдалануға берілген пәтерлер көлемінің де оң өсу үрдісі байқалады. Жоспар бойынша 67,6 мың пәтер болса, 73,8 мың пәтер салынды, бұл 9,1 пайызға өскенін көрсетеді.

Поделиться статьей:

1 сентября 2023

924

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу