Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Депутат дәрігерлер үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын жасауды ұсынды

297
Spread the love

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай палатаның жалпы отырысында Қазақстанда медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етудің жеке бағдарламасын құруды ұсынды.

Сенатор халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар әскери қызметшілер мен басқа да әлеуметтік көмек алушыларға берілетінін, бірақ медицина қызметкерлері үшін бірде-бір қолжетімді бағдарлама немесе жеңілдетілген несиелеу жоқ екенін атап өтті.

«Елордадағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің 40 пайызының жеке баспанасы жоқ, сондықтан жеке тұрғын үй бағдарламасын немесе медицина қызметкерлері санатына жеңілдікпен несие беруді қарастыруыңызды сұраймын», – деді сенатор.

Сондай-ақ депутат үкіметке мұғалімдердің еңбек демалысының ұзақтығын мысалға ала отырып, денсаулық сақтау қызметкерлерінің демалыс күндерін көбейтуді ұсынды. Қазіргі уақытта емханадағы медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысы еңбек жағдайына байланысты 36-дан 42 күнтізбелік күнге дейін созылады, сенатор бұл мерзімді ұлғайту қажет деп санайды.

Бөлісу: