Image
Атырау
Бөлісу:

«Атырау жастары» бағдарламасына бөлінген 1 млрд

463
Spread the love

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов биыл Атырау облысында 558,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Бұл аумақтардың мақсаты төмендегідей: 390,2 мың шаршы метр – жеке тұрғын үй, 168,1 мың шаршы метр – коммерциялық мақсатта.

— Биыл коммуналдық тұрғын үй құрылыс қорынан 242 адам баспана кілтіне ие болды. Бұл шығындар бюджет есебінен жабылып, 292 пәтер сатып алынды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол азаматтардың барлық санаттарының өмір сүру жағдайын жақсартудың басқа да шаралары мен құралдары туралы айтты.

Осылайша, 35 жасқа дейінгі жастарды қолдау мақсатында «Атырау жастары» бағдарламасы енгізіліп, оған жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

«Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларды, толық емес отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға қаражат қарастырылған. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 38 отбасы баспаналы болып, 26 отбасы бағдарламаға бекітілді. Бағдарлама қатысушыларға бастапқы жарнасыз тұрғын үйді (қайталама нарық) сатып алу мүмкіндігін береді.

Ал апатты үйлерге келсек, қазір 104 үй тіркеуде тұр. Өткен жылы осындай 112 үй болған.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, мәселені 2029 жылға дейін шешу үшін облыс бойынша апатты жағдайдағы көпқабатты үйлерді көшіру және бұзу жоспары әзірленіп, жол картасымен бекітілген.

Биыл Жылыой ауданы Құлсары қаласында қауіпті деп танылған 8 үйдің тұрғындары жеке компанияның қаражатына салынған 60 пәтерлік үйге көшірілді. Жергілікті бюджеттен 78 тұрғын үй сатып алуға қаржы бөлінді. Тозығы жеткен үш үй және Атырау қаласындағы бір үй Индер ауданына қоныстандырылды. Жыл соңына дейін облыс орталығында тағы үш көпқабатты үйді көшіру жоспарлануда.

«Жол картасына сәйкес жұмыс жалғасады», – деп түйіндеді әкім.

 

Дереккөз: Kazinform

 

Бөлісу: