Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облысының әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салуды жеделдетуді тапсырды

128
Spread the love

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыстық құрылыс басқармасы мен аудан әкімдеріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салуды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазір зардап шеккен тұрғындар үшін тұрғын үй құрылысын мерзімінде аяқтау туралы Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Қазіргі таңда облыстың Сырым, Бөрлі, Қаратөбі, Теректі аудандарында құрылыс жұмыстары басталып кетті. Құрылыс бөлімі мен аудан әкімдеріне барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырамын», – деді облыс әкімі.

Аудандарда құрылған арнайы комиссиялар су тасқынынан келген материалдық шығынды анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Сондықтан қазір жаңа тұрғын үйлер салу үшін жер телімдері бөлінді. Мердігер компаниялар анықталып, тиісті жұмыстар басталды.

Құрылыс жұмыстарын бақылау облыс әкімінің салаға жауапты орынбасарына жүктелді.

Бөлісу: