Қазақстанда ипотекаға сұраныс артып келеді
Қазақстанда сәуір айында жылжымайтын мүлікпен 31 мыңнан астам мәмілелер тіркелсе, оның 30 пайыздан астамы несиеге сатып алынған.
ПКБ талдау орталығының мәліметінше, банктер айына 9,56 мың ипотека берген, бұл наурыз айындағы көрсеткіштерден 10%-ға жоғары. Несие алушылардың саны 9,45 мыңға жетті, бұл кейбір клиенттердің бірнеше ипотекасы бар екенін көрсетеді. Нәтижесінде сәуір айындағы несиелердің жалпы сомасы 144,8 млрд теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 561 мың ипотекалық несие тіркелді. Ипотекалық несиелер бойынша жалпы қарыз 5,98 млрд теңгені құрады.
Оның үстіне елдегі барлық пәтерлердің үштен біріне жуығы ипотекалық несие есебінен сатып алынады.
Бір қарыз алушының банк алдындағы орташа қарызы 10 миллион теңгеден асады.