Image
Ақтау
Бөлісу:

Ақтөбе облысында 300 отбасына дайын баспана сатып алынды

305
Spread the love

Облыс әкімі Асхат Шахаров Болат Өтемұратов атындағы қордың директоры Марат Айтмағамбетовпен бірге Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге берілген үйлерді аралады, деп хабарлайды Ақтөбе облысының баспасөз қызметі.

Алдымен олар Айбек Тасеновтің жас отбасының пәтерінде болды. Бұрын отбасы «Азф-6» бағбандық ұжымшарында тұрған. Қазір оларға Алтын Ордадан екі бөлмелі пәтер сатып алдық. Жаңа қонысын көрген жанұя көздеріндегі қуанышын жасырмайды.

Келесі кезекте аймақ басшысы мен қор директоры Айгүл Рамаданованы қоныс тойымен құттықтады. «УВД-4» СК-де орналасқан әйелдің үйі апатты жағдайда. Өз кезегінде Айгүл толықтай жабдықталған екі бөлмелі пәтердің кілтін алды. Көзіне жас алып, қиын-қыстау кезде қол ұшын созған жандарға алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс әкімі Асхат Шахаров қор директоры Марат Айтмағамбетовпен бірге Ақтөбе қаласында су тасқыны салдарынан баспанасы қирап қалған 44 отбасына пәтер кілтін табыс еткен болатын.

Болат Өтемұратов атындағы қор су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктер үшін жақын арада тағы 56 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Қобды ауданында 150-ге жуық тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, олар тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 2024 жылдың қыркүйегіне дейін қор Ақтөбе облысында 400-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Облыста барлығы 517 тұрғын үй салынып жатыр. Тағы 300-ге жуық отбасы қайталама нарықтан дайын баспана сатып алды.

 

Фото дереккөзі: Ақтөбе облысының баспасөз қызметі

Бөлісу: