Қазақстанда ипотекаға сұраныс артты
Маусым айында қазақстандықтар банктерден 148 млрд теңге көлемінде ипотекалық несие алды. ПКБ талдау орталығының мәліметінше, бұл бір ай бұрынғыдан 14 пайызға артық.
Жаздың алғашқы айында барлығы 9600 ипотекалық несие берілді.
Маусым айында барлығы 10 мыңға жуық пәтер мен үй ипотекаға сатып алынды. Сонымен бірге, Статистика бюросының мәліметі бойынша, маусым айында Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша 32 943 келісім ғана тіркелген. Осылайша, Қазақстандағы транзакциялардың үштен бір бөлігіне жуығы ипотекалық несиелер болып табылады. Қазақстандағы ипотекалық несие берушілердің жалпы саны 600 мыңды құрайды.