Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қанат Бозымбаев Ақмола облысында 99 үйдің құрылысын жеделдетуді тапсырды

63
Spread the love

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола облысында болып, Бұланды ауданына қарасты Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарындағы тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты. Журавлевкада 42 үй, Иванковкада 41 пәтерлі бір қабатты үй, Вознесенкада 16 үй салынуда, деп хабарлайды ҚР Үкіметі.

Барлық үйлерге 10 сотық жер телімдері беріледі. Барлық қажетті коммуникациялар орнатылып қойған. Айналадағы аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй «Қазақстан халқына» қорының қаражатына салынуда.

Қанат Бозымбаев әкімдікке қалған 99 үйдің құрылысын тездетіп, қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және жаңа үйлерге электр қуатының жеткіліксіздігі мәселелерін тез арада шешуді тапсырды.

Бөлісу: