Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1000 пәтер беріледі
Бағдарлама бойынша 1000 пәтер «Алматы жастары» 2021 жылы шығарылады. Бұл туралы VII шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Әкім бүгінде «Отбасы банкімен» «Алматы жастары» бағдарламасын жалғастыру мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.
«Өткен жылы банкпен бірлесіп 13 млрд теңге бөлдік. Бүгінге дейін қаламыздағы экономиканың әр саласының 1000-ға жуық тұрғыны өз пәтерлеріне ие болды. Осы жылы да жалғастырамыз. Қазірдің өзінде бекітілген. Инфляцияға байланысты нарықтағы пәтерлердің бағасы өсіп жатыр, несиелеу көлемін ұлғайтып, 18 миллиард теңгеге дейін жеткізіп жатырмыз. Сондай-ақ 1000 пәтер болады. Яғни, қалалық бағдарлама бойынша жастарды баспанамен қамтамасыз етуде қолдау жалғасады. Бұл бағдарламаларға қосымша «Нұрлы жер» , «Бақытты отбасы» – деді Бақытжан Сағынтаев.
Бұған дейін әкім бес жылда 25 жоғары оқу орнында 16 мың орындық 38 жатақхана, колледждерде 600 орындық екі жатақхана бой көтеретінін айтқан болатын. Жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жастар 5 мыңнан астам пәтер алады.
Айта кетейік, Алматыда 7-шақырылымдағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессияда мәслихат хатшысы мен жаңадан құрылған тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланып, «Алматы-2025» даму бағдарламасы бекітілді. Сондай-ақ VII шақырылымдағы мәслихат депутаттарына депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді.
Дереккөз: inform.kz