Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 780 отбасы пәтер алды

375
Spread the love

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 780 отбасы пәтер алды. Бұл туралы Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы біз «Алматы жастары» қалалық бағдарламасын жүзеге асырып, 1003 жас отбасын баспанамен қамтамасыз еттік. Биыл да біз тағы 1000 жас отбасын қамтуды мақсат етіп қойдық. Қазіргі таңда олардың 780-і пәтерлерін алды. Қалғандары баспана іздеп жүр немесе банкте төлем қабілеттілігін тапсырады», – деді Ермек Әміров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

«Алматы жастары» бағдарламасы: қатысушыларға қойылатын шарттар мен талаптар

Баяндамашы бағдарламаны жүзеге асыруға биыл жергілікті бюджеттен 14 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарлама келесі жылы да жалғасуы мүмкін.

Сонымен қатар, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1050 жұмыс істейтін жасты 5 жылға жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. «Қазір бұл пәтерлер тіркелуде. Олар Наурызбай ауданындағы «Алма сити-5» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл пәтерлердің барлығы жыл соңына дейін сатылады», – деді ол.

Биылғы жылы «Алматы жастары» серіктестігінің несие сомасы 13 миллион теңгеден 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бағдарламаға қатысуға 9 741 өтініш берілген. Өтініштердің басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау саласының қызметкерлерінен түскен. Еске салайық, төмен пайыздық мөлшерлемемен «Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасы 2020 жылы басталған болатын. Оған 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады.

Дереккөз: inform.kz

 

Сонымен қатар оқыңыз:

http://homester.ryndan.website/housing-programs-foryouth-in-kazakhstan/

Homsters Telegram

Бөлісу: