Астана әкімі бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілттерін табыс етті

Астана әкімі бокстан әлем чемпиондарына пәтер кілттерін табыс етті

28 мая 2023

424


Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына үш бөлмелі пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Біздің астаналық боксшылар 2023 жылы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті.

Санжар Ташкенбай мен Нұрбек Оралбай алтыннан алқа тақты! Бүгін оларға демеушілер ұсынған үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Тренерлердің жұмысы да атап өтілді.

Жеңістің артында көп сағаттық жаттығулар, табандылық, ерік-жігер мен өзіне деген сенімділік жатыр! Боксшыларымызға сәттілік және алдағы жеңістер тілеймін!». – деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Фото дереккөзі: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Поделиться статьей:

28 мая 2023

424

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу