Астана әкімі «Агрогородок» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

Астана әкімі «Агрогородок» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

28 мая 2023

200


Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында «Агрогородок» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Агрогородок тұрғын алабының (Сарыарқа ауданы) тұрғындарымен нәтижелі кездесу өткіздік. Тұрғындар жолдар мен тротуарларды, инженерлік желілерді тарту, жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату, апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, газдандыру және т.б.

Сұрақтар жеткілікті, бірақ оларды шешуге болады. Тұрғындармен бірге тапсырмалардың басымдығын анықтап, кестеге сәйкес «Агрогородок» ЖМ-н кезең-кезеңімен дамытамыз.

Мәселен, тұрғындар газдандыруға қатысты сауалдарын қойды. «Агрогородок» ЖМ газдандырылған, бірақ «ақ дақтар» деп аталатындар бар, олар бойынша биылғы жылы жұмыс жобасын аяқтаймыз, келесі жылы желілердің құрылысын бастаймыз, қалған үйлерді газға қосамыз.

Сондай-ақ бұзу мәселесі де бар. Келесі жылы осы ЖМ-де үш үйді бұзуды жоспарлап отырмыз. Қалада барлығы 200-ден астам апатты үй бар. Алдағы 3 жылда апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің тұрғындары үшін 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін пәтер салуды жоспарлап отырмыз.

Сумен қамту мәселесі де бар: жаңа ауыз су стансасының (НФС-3) салынуына байланысты ағымдағы жылдың маусым айында мәселені жартылай алып тастаймыз, ал тамыз айында тәулігіне 100 мың текше метрден астам су береміз.

Аудандардағы абаттандыру маусымын ескере отырып, жолдар, жаяу жүргіншілер жолы, аулалар мен қоғамдық орындарды салу жұмыстары да жүргізілуде», — деп жазды елорда әкімі.

Поделиться статьей:

28 мая 2023

200

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.