«7-20-25» бағдарламасы бойынша қазақстандықтардан 5,2 мыңнан астам өтінім берілген

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қазақстандықтардан 5,2 мыңнан астам өтінім берілген

11 декабря 2018

333


«7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаннан бері жарты жылға жуық уақытта бес мыңнан астам өтініш келіп түскен.

«10 желтоқсандағы жағдай бойынша 62,1 миллиард теңге немесе 167,9 миллион долларға несие алуға 5 298 өтініш қабылданды. Оның ішінде 40,7 миллиард теңге немесе шамамен 110 миллион долларға несие алуға 3 391 өтініш мақұлданды», — делінген хабарламада. — деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.
Бағдарламаның операторы – Ұлттық банктің «қызы» – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ, әрбір он күн сайын аралық қорытындыларды шығарады.

Алғашқы жеті несие 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскеменде берілді.

«7-20-25» жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беру 4 шілдеде басталды. Бағдарлама шарттары: сыйақы мөлшерлемесі – 7%, бастапқы жарна – 20%, несиені өтеу мерзімі – 25 жыл.

Дереккөз: satelliteneshs.kz

Поделиться статьей:

11 декабря 2018

333

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу