Шетелдік инвестор Астанада балабақша салады

11 января 2018

1018


Поляк инвесторы Астанада төрт балабақша салады.

Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

«Бүгінде алты балабақша бойынша МЖӘ келісім-шарттары жасалды, 4 балабақшаны поляк инвесторы салады», — делінген хабарламада.

Құны мен құрылыс уақыты көрсетілмеген.

Елорда әкімдігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты 100-ден астам жобаны жүзеге асыруда. Атап айтқанда, бейнебақылау жобасы IT және қауіпсіздік саласындағы Қазақстандағы алғашқы МЖӘ жобасы болып табылады.

Бұл ретте МЖӘ схемасы бойынша заңды автотасымалдаушылар санын арттыруға бағытталған «Astana Taxi» бірыңғай такси қызметі енгізілді.

Поделиться статьей:

11 января 2018

1018

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу