ASTON PARK елорда үшін жаңа қала сыртындағы өмір тұжырымдамасын ұсынады: тұрғындарға арналған жеке саябағы бар клубтық үйлер және ашық террасалары бар ерекше форматтағы city-house резиденциялары.
ASTON PARK-та табиғат жеке кеңістіктің табиғи жалғасына айналады. Мұнда елорданың қарқынды тіршілігі оңашалық пен тыныштыққа, жеке кеңістік пен жан тыныштығына орын береді. ASTON PARK тұрғындары үшін ерекше құндылық — аумағы 1,6 гектар болатын жеке саябақ. Бұл — мегаполис жағдайында сирек кездесетін артықшылық.
ASTON PARK клубтық үйлері елорданың негізгі көлік күретамырларының бірі — Ұлы Дала даңғылының бойында орналасқан. ASTON PARK орналасқан аумақ Астана картасындағы жаңа тартымды орталыққа айналып келеді. Жаңа ауданның қарқынды дамуы, қаланың негізгі автомагистральдарына ыңғайлы шығу жолдары, жаңа «Ұлы Дала» көпірі және заманауи «Нұрлы Жол» теміржол вокзалына жақындығы қаланың іскерлік және мәдени өміріне жылдам жетуге мүмкіндік береді. Осының бәрі ASTON PARK-тың сенімді әрі мәртебелі актив ретіндегі құндылығын арттырады.
Елорданың табиғи «өкпесі» саналатын Астананың жасыл белдеуі мен жақын орналасқан Есіл өзенінің жағалауы ASTON PARK-пен шектесетін біртұтас табиғи экожүйені қалыптастырады.
ASTON PARK төрт аз қабатты клубтық кварталдан тұрады. Бірінші кезеңде — A Club.

A Club резиденцияларының кең кеңістігі, биік төбелері мен панорамалық терезелері интерьерді табиғи жарыққа толтырып, шексіз еркіндік сезімін сыйлайды. Бұл — сіздің күш-қуат алатын мекеніңіз, мұнда армандарыңыз, мақсаттарыңыз бен мәртебеңіз әрбір бөлшектен көрініс табады.
A Club-тағы эксклюзивті ұсыныс — бірінші қабатта орналасқан, жеке террасалары бар city-house форматындағы резиденциялар. Бұл тұрғындарға берілетін ерекше артықшылық: ашық аспан астындағы жеке бағы бар тағы бір толыққанды қонақ бөлме. Мұнда күнделікті қарбаластан бір сәтке алыстап, шексіз тыныштықтың рахатын сезінуге болады.
A Club клубтық кварталы еуропалық сәулет өнерінен шабыт алған неоклассикалық стильде салынған. Әрбір бөлшектен артық сән-салтанатсыз-ақ талғам, сапа және терең мағына байқалады. Сәулет тұжырымдамасының негізін ауқымдылық, ырғақ пен материалдардың айқын көрінісі құрайды. Олар қасбеттердің нақты геометриялық пішіндері мен ұстамды сән-салтанаты арқылы ерекшеленеді. Терезе ойықтарының тереңдігі мен көпсатылы бедерлі сәулеттік белдеулер ғимараттың тұтас әрі орнықты келбетін қалыптастырады. Қасбеттің композициясын классикалық шарлармен (акротерийлермен) безендірілген сәндік сәулеттік жиектемесі бар массивті карниз толықтырады.

A Club тұрғындарына арналған жеке courtyard — ішкі аула қарастырылған. Ал клубтық кварталдың бойымен көркем аллея созылып жатыр.

A Club лоббиі мен жеке лаунж аймағы ерекше дизайн тұжырымдамасы бойынша жасалған. Мұнда нәзік бөлшектер, әртүрлі фактуралардың үйлесімді контрасты және жұмсақ жарық тыныштық пен ұстамды талғампаздық атмосферасын қалыптастырады. Екі кіреберіс тобы — салтанатты негізгі кіреберіс пен ішкі courtyard жағындағы кіреберіс — тұрғындардың жайлылығын толықтыра түседі.


A Club-та қауіпсіздік пен жайлылық — сіздің қосымша назарыңызды қажет етпейтін өмірдің табиғи құрамдас бөліктері. Мұнда жеке кеңістіктің құпиялылығы қосымша мүмкіндік емес, өмір сүрудің негізгі шарты саналады. Сіздің тыныштығыңызға деген қамқорлық көзге көрінбей жүзеге асады. Ал сіз өмірдің әр сәтінен еш алаңсыз ләззат ала аласыз.
ASTON PARK тыныштықты жай ғана таңдамай, оны өзінің өмір салтына айналдыратын, қайталанбас ерекшелікті бағалайтын және екінің біріне бұйыра бермейтін артықшылықтарға ие болғысы келетін жандар үшін жасалған.
ASTON PARK — қала сыртындағы өмір салты
A Club резиденциялары:
- 119 резиденция.
- Резиденциялардың ауданы — 54-тен 177 м²-ге дейін.
- Биік төбелер — 330 см.
- Өлшемі 216 × 246 см-ге дейінгі панорамалық терезелер.
- Резиденцияға кіретін есіктің биіктігі — 240 см.
- Бірінші қабаттағы city-house резиденциялары — ауданы 24 м²-ге дейінгі ашық террасалармен.
Сізді BAZIS-A сату кеңселеріндегі жеке таныстырылымға шақырамыз.
Жұмыс уақыты:
Дс–Жм — 09:00-ден 19:00-ге дейін
Сб — 10:00-ден 17:00-ге дейін
Байланыс орталығы: +7 7172 688 888
Толық ақпарат — astonpark.bazis.kz
2026 жылғы 16 қыркүйекте берілген № KZ12PDD00004148 рұқсат — екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуымен үлескерлердің қаражатын тартуға арналған. (2-құрылыс алаңы)
Құрылыс салушы: «BSK stroy» ЖШС
Уәкілетті компания: «Korkem tan» ЖШС