Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Шымкент қаласындағы «ASYL TAS» ТК объектісі бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы хабарлады

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Шымкент қаласындағы «ASYL TAS» ТК объектісі бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы хабарлады

26 сентября 2024

1382


2024 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі — Компания) «Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас шағын ауданы, 5/3 (сыртқы инженерлік желілерсіз) 1-қабаттағы коммерциялық объектінің және көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы» объектісі бойынша кепілдік жағдайының басталғаны туралы жариялады.

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт бойынша үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында Компания объектінің құрылысын қайта бастау үшін тиісті іс-шараларға кіріседі.

Анықтама: 2023 жылғы 6 наурызда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «ВВД-Құрылыс» ЖШС және «Crystal Shymkent» ЖШС-мен «Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас шағын ауданы, 5/3 (сыртқы инженерлік желілерсіз) 1-қабаттағы коммерциялық объектінің және көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы» объектісі бойынша № ДПГ-23-13-055/132 кепілдік беру туралы шарт жасасты, пайдалануға беру мерзімі 2024 жылғы 8 қыркүйектен кешіктірмей берілуі тиіс.

Құрылыс салушының өтініштері негізінде 2023 жылғы 8 желтоқсан мен 2024 жылғы 8 қыркүйек аралығында бірыңғай оператор құрылыс мерзімдерін ұзартуды үш рет мақұлдады. Қабылданған шараларға қарамастан, объектінің құрылыс барысының мониторингі пайдалануға беру және құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мерзімдері бойынша елеулі артта қалушылықты анықтады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңның нормаларына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдау мерзімі бұзылған жағдайда Бірыңғай оператор кепілдік беру жағдайын тану туралы шешім қабылдайды.

Поделиться статьей:

26 сентября 2024

1382

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу