Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Астанада көп балалы отбасылар жалға берілетін баспана сатып ала алады

121
Spread the love

Астанада көп балалы аналар біртіндеп жалға берілетін баспана сатып ала алады. Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Ол көп балалы отбасылардың баспана мәселесіне тоқталып, уақытша баспанада тұрған бес баланың өрттен қаза тапқан қайғылы оқиғасын еске алды.

«Біз көп балалы әйелдерді жалдамалы пәтермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Жалға беріп қана қоймай, оларды біртіндеп сатып алу мүмкіндігін беру. Яғни, жалдау ақысы пәтер иесінің қалтасына түспейді. пәтерлерін сатып алыңыздар», – деді Сұлтанов.

Қазір көп балалы отбасыларға көмектесу үшін жақсы әлеуметтену бастамалары бар, деп қосты ол. Үкіметтік емес ұйымдар олардың білімі мен тұлғалық өсуімен айналысуды ұсынып отыр, деді әкім.

Дереккөз: Sputnik

Бөлісу: