Астанада көп балалы отбасылар жалға берілетін баспана сатып ала алады

Астанада көп балалы отбасылар жалға берілетін баспана сатып ала алады

20 февраля 2019

357


Астанада көп балалы аналар біртіндеп жалға берілетін баспана сатып ала алады. Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Ол көп балалы отбасылардың баспана мәселесіне тоқталып, уақытша баспанада тұрған бес баланың өрттен қаза тапқан қайғылы оқиғасын еске алды.

«Біз көп балалы әйелдерді жалдамалы пәтермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Жалға беріп қана қоймай, оларды біртіндеп сатып алу мүмкіндігін беру. Яғни, жалдау ақысы пәтер иесінің қалтасына түспейді. пәтерлерін сатып алыңыздар», — деді Сұлтанов.

Қазір көп балалы отбасыларға көмектесу үшін жақсы әлеуметтену бастамалары бар, деп қосты ол. Үкіметтік емес ұйымдар олардың білімі мен тұлғалық өсуімен айналысуды ұсынып отыр, деді әкім.

Дереккөз: Sputnik

Поделиться статьей:

20 февраля 2019

357

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу