Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Назарбаев Астана үстіндегі күмбез жобасын әзірлеушімен кездесті

221
Spread the love

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев испандық сәулетші Сантьяго Калатраваны қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында Сантьяго Калатрава Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Астана ерекше сәулетімен және жайлы өмір сүру жағдайларымен ғана емес, ерекше атмосферасымен де ерекшеленетінін атап өтті.

«Елордада тұруға ұмтылатындар көбейіп келеді, қала халқының саны миллион адамға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтеміз», – деді Қазақстан Президенті.

Әйгілі испандық сәулетші және мүсінші Сантьяго Калатрава дүние жүзіндегі көптеген футуристік ғимараттардың авторы.

Бөлісу: