Назарбаев Астана үстіндегі күмбез жобасын әзірлеушімен кездесті

Назарбаев Астана үстіндегі күмбез жобасын әзірлеушімен кездесті

29 ноября 2017

1050


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев испандық сәулетші Сантьяго Калатраваны қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында Сантьяго Калатрава Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Астана ерекше сәулетімен және жайлы өмір сүру жағдайларымен ғана емес, ерекше атмосферасымен де ерекшеленетінін атап өтті.

«Елордада тұруға ұмтылатындар көбейіп келеді, қала халқының саны миллион адамға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтеміз», — деді Қазақстан Президенті.

Әйгілі испандық сәулетші және мүсінші Сантьяго Калатрава дүние жүзіндегі көптеген футуристік ғимараттардың авторы.

Поделиться статьей:

29 ноября 2017

1050

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу