Кәсіпкер маңғыстаулық мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады

Кәсіпкер маңғыстаулық мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады

17 июля 2023

1373


Үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған келіншекке өңірдегі кәсіпкерлердің бірі пәтер берді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қоғамдық коммуникациялар орталығында хабарлады.

«95 жылдыққа 95 игі іс» жобасы аясында ЖШС басшысы Кенжеғали Махамбетов Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылының тұрғыны Ботагөз Сағындықоваға пәтер сыйлады. Әйел үш баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, көп жылдар бойы амалсыз үй жалдап жүр.

– Қысы-жазы ауру балалармен жалдамалы пәтерде тұрдық. Балаларымның өз баспанасы болғанына шын жүректен қуанғанын көру қандай бақыт. Қайырымды жандарға жасалып жатқан көмектер үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді Ботагөз Сағындықова.

Поделиться статьей:

17 июля 2023

1373

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу