Павлодар облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары баспаналы болды

Павлодар облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары баспаналы болды

13 ноября 2017

1104


«Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары Ақтоғай ауданындағы жаңа жартылай жеке үйден пәтерлерге ие болды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жалпы тәжірибелік дәрігер Аяулым Мұсақанова мен ұстаз Жанар Сейілханова жаңадан келген.

Семей медицина университетінің 25 жастағы түлегі Аяулым Мұсақанова «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жолдасы және кішкентай баласымен Павлодар облысына келіп, орталық аудандық ауруханаға жұмысқа тұруды ұйғарды.

Жас маманға «жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша бос орын берілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша құжаттарымды тапсырдым, олар маған Ақтоғайдан жұмыс және баспана беремін деп уәде берді. Отбасымызбен осында жүргенімізге үш ай болды, жаңадан төрт бөлмелі пәтерге көшіп жатырмыз», – дейді Аяулым Мұсақанова.

Жас маманға жалға берілетін баспананың кілтін облыс әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов табыс етті.

Бағдарламаға қатысушылар үшін 168 шаршы метр жалдамалы тұрғын үй 16 млн теңгеге салынды. Биыл Ақтоғай ауданына барлығы бес дәрігер келіп, бүгінде баспанамен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

Поделиться статьей:

13 ноября 2017

1104

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу