Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Атырау облысының Индер ауданында 192 отбасы пәтер алды

379
Spread the love

Индербор ауылының «Көктем» ықшамауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің тұрғындарына пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев ауыл тұрғындарын қоныс тойларымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған баспананы 192 отбасы алған. Олардың 106-сы көп балалы отбасы, 69-ы халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері және 17-сі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Айта кетерлігі, Индер ауданындағы халық саны 32 мыңнан асады. Оның 19 мыңнан астамы Индербор ауылында тұрады.

 

Бөлісу: