Алматының Медеу ауданында ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 23 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды.

Алматының Медеу ауданында ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 23 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды.

19 февраля 2024

974


Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігі хабарлады. Жұмыс Самал-3 және Думан-2 шағын аудандарында, сондай-ақ Достық және Абай даңғылдарының бойында жүргізілді.

Сыртқы келбеттің дұрыс болуы үшін басты көшелердің бойында қасбеттерді сырлау жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде тарихи үйлер де бар.

Қасбеттерден бөлек, «Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 7 балалар алаңы абаттандырылып, 22 көмілген (жер асты) қоқыс контейнерлері орнатылды.

Жалпы Медеу ауданында 2023 жылы 107 аула абаттандырылып, 56 көмілген контейнерлер орнатылды. 2024 жылы 30-ға жуық қасбетті жөндеу жоспарлануда.

 

Фото дереккөзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Поделиться статьей:

19 февраля 2024

974

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу