Шымкентте тұрғын үй құрылысының қарқыны артады

Шымкентте тұрғын үй құрылысының қарқыны артады

27 октября 2023

825


Жоспар бойынша жарты жылда бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Айта кетерлігі, күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілетін орындар қазірдің өзінде анықталған. Бұл жерлерде жердің нысаналы мақсаты өзгертілді.

Мамандар құрылыс көлемін ұлғайту халықтың демографиялық өсуіне байланысты қажет деп есептейді. Осыған байланысты мемлекет мұқтажы үшін қажетті жер телімдері алынып, олардың иелеріне нарықтық құны бойынша өтемақы төленетін болады.

«Бұл құрылыстың өте үлкен көлемі. Осы жерлердің барлығын екі жыл бойы инженерлік желілермен қамтамасыз етеміз. Біз мемлекеттік бағдарлама бойынша саламыз, құрылыс компаниялары да салады. Бұл жерлерді құрылыс компанияларына аукцион арқылы береміз», – дейді Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Поделиться статьей:

27 октября 2023

825

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу