Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

ТҮРКІСТАНДА 5 ЖЫЛДА 10 МЫҢҒА ШАЙЫҚ ОТБАСЫ БАС АЛДЫ

473
Spread the love

Түркістан облысында 2019 жылдан бері жалпы өңірлік өнім көлемі үш есеге өсіп, өткен жылы 319 миллиард теңгеге жетті. Биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 141 млрд теңгені құраған. Құрылыс жұмыстарының көлемі бес есе артып, өткен жылы 200 млрд теңгені құраса, биылғы жартыжылдықта 77 млрд теңгені құраған.Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлім етті. Түркістан.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы негізгі капиталға 305 миллиард теңге инвестиция тартылса, биыл алты айдың қорытындысы бойынша 84 миллиард теңгені құраған.

– Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесінің берілуі қаланың дамуына серпін берді. Түркістанда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді, оған әкімдік тарапынан жағдай жасалған. Биыл қалада шағын және орта бизнестің екі мың жаңа субъектісі қосымша тіркелді. Халықтың орташа жалақысы 58 пайызға өсіп, өткен жылы 213 мың теңгені құрады. Соңғы бес жылда қала бюджетінің меншікті кірістері бес есе өсіп, өткен жылы 15 миллиард теңгеге жетті. Биылғы жылдың алты айында меншікті кіріс 11 млрд теңгені құрады. Соңғы бес жылда қалада жаңа әкімшілік, іскерлік, мәдени-рухани орталықтар, халықаралық әуежай салынды, Бекзат Саттарханов даңғылы қайта жаңғыртылды. Облыс орталығы құрылғаннан бері қалада 163 тұрғын үй салынып, 9397 отбасы баспаналы болды. Сондай-ақ, 4439 пәтерлі 66 тұрғын үй салынып жатыр, оның ішінде биыл 59 үйді, яғни 3377 пәтерді, келесі жылы 1062 пәтерлі жеті үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 2700 пәтерлік 46 тұрғын үй салынуда, деді Дархан Сатыбалды.

Тұрғын үйлер салумен қатар бұрыннан салынған көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, бірінші және екінші шағынаудандардағы, «Отырар» шағын ауданындағы Бокин көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылады. Сондай-ақ балалар спорт алаңдары орнатылып, саябақтар мен алаңқайлар абаттандырылды. Түркістан қаласының көрікті нысандарының бірі – теміржол вокзалының аумағы абаттандырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалыс аймағын қалыптастыру мақсатында «Отбасы», «Денсаулық», «Жібек жолы», Президент саябақтары, Саттарханов және Яссы көшелерінің бойында желілік саябақтар ашылды. Жалпы, абаттандыру жұмыстары 237 га аумақта 30 саябақ, 34 га жерде 30 сквер, 60 га жерде 29 көше, 121 га аумақта жасыл желектер мен аймақтарды қамтиды.

2020 жылы көшелерді түнгі жарықтандырумен қамту деңгейі 31 пайызды құрады, бұл 269 көше. Биыл бұл көрсеткішті 86 пайызға жеткізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін жарықтандырылған көшелер саны 757-ге жетеді (3,9 млрд. теңге).

Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар оған түрлі ұсыныстарын айтып, өз пікірлерін білдірді. Әр сұраққа жауап берілді, сұрақтар хаттамаға енгізіледі.

Облыс әкімінің халықпен кездесулері өзге де аудан-қалаларда жалғасады.

Бөлісу: