Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облысы су тасқынынан зардап шеккен жазғы тұрғындарға баспана бере бастады

284
Spread the love

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Осылайша, Бәйтерек ауданында 2 отбасы баспаналы болса, Теректі ауданынан тағы 5 отбасы жаңа үйге қоныстанды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғыны Ақмарал Сламғалиқызының үйі су тасқыны салдарынан әрі қарай тұруға жарамсыз болып қалды. Бүгін әйел жаңа үйіне көшті.

«Менің үш бөлмелі үйімді толығымен су басып қалды, біз, әрине, қорқынышты уақыт өткіздік. Дегенмен, Елбасының қолдаусыз қалмаймыз деген сөзі бізге үлкен үміт сыйлады. Бізге шаңырақ көтеруге көмектескен жандарға мың алғыс», – деді ол.

Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғындары да жаңа үйлерге ие болды. Техникалық зерттеу нәтижесінде Подстепное ауылында 116 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылды. Қазіргі таңда 106 үйдің құрылысы басталып, 10 тұрғын үй сатып алынды.

Үйі суға кеткендердің бірі – Айгүл Кеңесова. Бүгін ол алғашқылардың бірі болып жаңа пәтерінің кілтін алды.

«Мен ауылда тұрамын, су тасқыны кезінде жалғыз үйімді су басып қалды. Бұл мәселе күзге дейін созылады деген қауіп болды. Алайда әкімдік тез арада пәтер алуға көмектесті. Ал бүгін біз қоныс тойын тойлап жатырмыз. Қарапайым халықты қиыншылыққа қалдырмағаны үшін Мемлекет басшысына шексіз алғысымды білдіремін», – дейді Айгүл Кеңесова.

 

Фото дереккөзі: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: