Алматының орталық бөлігінде ескі тұрғын үй құрылысы орналасқан бірден екі аумақты реновациялауға дайындап жатыр. Жалпы алғанда, жобалар 61 ғимаратты қамтиды: оның 50-і жеке үй, ал 11-і көппәтерлі тұрғын үй. Үйлерді сүру жұмыстарын бастау үшін «Алматы» ӘКК жылжымайтын мүлікті сатып алуды, меншік иелерін көшіруді және кейін аумақтарды қайта салуды өз мойнына алатын инвесторларды іздестіріп жатыр. Әлеуетті серіктестерден өтінімдер 2026 жылғы 22 қыркүйекке дейін қабылданады.
Жеке сектордың орнына көпқабатты үйлер салынады
Бірінші жоба Алмалы ауданындағы Тұрғыт Өзал — Шәкәрім — Ислам Кәрімов — Есенжанов көшелерімен шектесетін орамды қамтиды. Қазір үш гектардан астам аумақта жеке тұрғын үйлер орналасқан.
Жоба талаптарына сәйкес инвестор 50 жеке тұрғын үйді сатып алуы тиіс. Алдын ала есеп бойынша, бұған шамамен 5,8 млрд теңге қажет. Реновацияны кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланған. Бірінші кезеңде шамамен 350 млн теңгеге үш үйді сатып алу көзделіп отыр.
Меншік иелерін көшіріп, аумақты босатқаннан кейін қазіргі азқабатты құрылыстардың орнына жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салынады.
«Ұмай» бағдарламасына екінші транш мерзімінен бұрын бөлінуі мүмкін
Тағы 11 үй басқа орамда сүріледі
Екінші жоба жақын маңдағы Бруно — Бөгенбай батыр — Верещагин — Қарасай батыр көшелерімен шектесетін аумақта орналасқан. Алайда бұл жерде бағдарлама көппәтерлі тұрғын үйлерді қамтиды.
Аумағы 4,8 гектар учаскеде 156 пәтері бар 11 үй орналасқан. Тұрғындарды көшіріп, ғимараттарды сүргеннен кейін инвестор тоғыз қабатты тұрғын үйлердің құрылысын бастай алады.
Жобаның жалпы құны алдын ала 3,9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бірінші кезеңде 24 пәтері бар үш үйді сатып алу қажет. Бұған шамамен 600 млн теңге керек.
Осылайша, екі орамдағы үйлерді сүру жекелеген нысандарды ғана бұзумен шектелмейді. Жоба аумақтарды кешенді түрде жаңартуды көздейді. Қазіргі құрылыстардың орнына жаңа тұрғын үйлер салынуы тиіс.
Жылжымайтын мүлікті токенизациялау: пәтерді үлеспен сатып алуға болады
Меншік иелері ескі баспананың орнына не алады
Құрылыс жұмыстары басталғанға дейін инвестор қазіргі жылжымайтын мүлік иелерімен мәселені шешуі керек. Реновация бағдарламасы бойынша инвестор мүлікті сатып алады, тұрғындарды көшіруді ұйымдастырады және содан кейін ғана жаңа құрылыс үшін аумақты босатады.
Сонымен қатар жылжымайтын мүлікті айырбастау мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай жағдайда «бөлмеге — бөлме» қағидаты қолданылады. Яғни ұсынылатын жаңа баспадағы бөлмелер саны бұрынғы пәтердегі бөлмелер санына сәйкес келуі тиіс.
Бұл жерде апатты емес, тозығы жеткен тұрғын үйлер туралы сөз болып отыр. Меншік иелері үшін бұл маңызды: мұндай жобаларды іске асыру кезінде барлық меншік иелерінің пікірі ескерілуі керек. Ғимараттар апатты деп танылмағандықтан, тұрғындарды мәжбүрлеп көшіру үшін сотқа жүгінуге болмайды.
Табиғи апаттардан тұрғын үйді сақтандыру: қазақстандықтар қанша төлейді
Алматыда 1,4 мыңнан астам тозығы жеткен үй бар
Екі жаңа жоба — қалалық реновация бағдарламасының бір бөлігі ғана. 2026 жылы Алматыда 1 132 адамды көшіру жоспарланған, ал 2029 жылға дейін тағы 3 830 тұрғынды көшіру көзделіп отыр.
«Алматы» ӘКК мәліметінше, бүгінде 1 403 тозығы жеткен үй реновацияны қажет етеді. Олардың ең көбі Түрксіб ауданында орналасқан — 585 ғимарат. Бостандық ауданында осындай 269 үй, Жетісу ауданында — 141, ал Алмалы ауданында 135 үй бар.
Сонымен қатар Алатау ауданында 102 үй, Медеу ауданында 82 үй, Әуезов ауданында 65 үй және Наурызбай ауданында 24 үй реновацияны қажет етеді.
Осылайша, екі орамды жаңарту Алматының ескі тұрғын үй қорын ауқымды жаңғыртудың кезекті кезеңіне айналуы мүмкін. Алайда үйлерді сүру басталғанға дейін инвесторлар меншік иелерімен келісіп, жылжымайтын мүлікті сатып алып, тұрғындарды көшіруді ұйымдастыруы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз: Зейнетақы жинақтары: алты жылдық ереже жойылады
Жылжымайтын мүлік нарығындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болып, қызықты ұсыныстарды тауып, баспананы Homsters қосымшасымен бірге таңдаңыз