2 пайыздық ипотека: Тоқаев бағдарламаға қатысушылардың санаттарын кеңейтуді тапсырды

2 пайыздық ипотека: Тоқаев бағдарламаға қатысушылардың санаттарын кеңейтуді тапсырды

16 декабря 2019

320


Қазақстан Президенті 2020 жылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін жағдайды кеңейтуді тапсырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бақытты отбасы» баспана бағдарламасы кезекте тұрғандардың барлығына кеңейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Тілші». Sputnik Қазақстан а.

Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы жылы 2 пайызбен несие алған төрт мың аз қамтылған отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында қоныс тойын тойлады.

«Қазір тоқмейілсудің уақыты емес. Тұрғын үй мәселесін түбегейлі өзгерту керек. Бұл мәселе әрқашан біздің назарымызда болады. Тұрғын үй — мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдығы, сондықтан қосымша шаралар қабылданатын болады. Үкімет кезекте тұрғандардың барлығына «Бақытты отбасы» бағдарламасының тәжірибесін тарату мәселесін пысықтауда», – деді Қазақстан басшысы.

Тоқаев министрлер кабинетіне 2020 жылы тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді және сол арқылы қазақстандықтардың көпшілігін баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырғанын түсіндірді.

Қазақстанда жылдық 2 пайызбен ипотека: «Бақытты отбасы» бағдарламасы кезекте тұрғандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Айта кетерлік жайт, ЖСҚБ-да 1,5 миллион депозит ашылған. Әкімдіктерде баспана кезегінде тұрған 526 мың адамның 200 мыңға жуығы ақша жинай бастаған. Бұл ретте 180 мың ата-ана балалар депозитін ашты.

Бүгін Ақордада Тоқаев 39 адамды – өндіріс саласы, бизнес, білім, денсаулық сақтау саласының өкілдерін, әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, спортшыларды, соғыс және еңбек ардагерлерін, мәдениет және ғылым қайраткерлерін марапаттады.

Поделиться статьей:

16 декабря 2019

320

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу